Шақырудағы арнау
Бұл — шақыру мәтінінің ең басында қонаққа қалай тіл қататыныңыз. Бұл өрістер тек электронды және баспа шақыруларына мәлімет қою үшін ғана қажет. Олар қосымшаның басқа бөлімдеріне әсер етпейді.
Екі өріс
Арнау — бұл кіріспе сөз немесе тіркес. Оны бағыттаманы басып тізімнен таңдауға немесе өз нұсқаңызды жазуға болады. Ұсынылатын нұсқалар қонақтардың құрамына байланысты өзгереді.
Есімдер — бұл арнаудан кейін жазылатын сөздер. Жүйе оларды автоматты түрде қояды, бірақ сіз оларды шақыруда қалай көргіңіз келсе, солай өзгерте аласыз.
Бүкіл жазбаға ортақ бір арнау
Егер қонақпен бірге оның отбасы мүшелері немесе серігі шақырылса, арнау сөз әр адамға жеке-жеке емес, бүкіл жазбаға ортақ бір арнау болады. Сондықтан:
- барлығын тізіп жазудың қажеті жоқ. Егер қонақтар бірнешеу болса, өзіңіз тікелей арнап жазғыңыз келген адамдарды ғана көрсетіңіз. Отбасының басқа мүшелері бәрібір осы шақыруды алады;
- егер қонақ жалғыз болса, оның есімін тағы бір рет жазыңыз, сонда арнау сөз жеке өзіне бағытталғандай жылы естіледі.
Кеңестер
- Егер есімдерді қолмен өзгерткен болсаңыз, қонақтар құрамын өңдеген кезде жүйе оларды автоматты түрде өзгертпейтін болады. Өрістегі мәліметтің әлі де сәйкес келетінін тексеріп алыңыз.
- Шақыруда ұзын сөйлемдерден гөрі, қысқа арнау сөздер әлдеқайда жинақы әрі әдемі көрінеді.